"Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр детско-юношеского творчества посёлка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

бос лауазымға конкурс

"Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

конкурс жариялайды: қосымша білім беру ұйымы әдіскерінің бос лауазымы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

ҒТТ , біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы

Сіз: қосымша білім беру ұйымының тәрбие және ғылыми әдістемелік жұмысына басшылық жасайсыз

Ұйымның тәрбие жұмысын жоспарлау

Ұйымның білім беру бағдарламалары, үйірмелер жетекшілерінің жұмысын үйлестіру

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзыреттер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс істей білу.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылық;

стресске төзімділік.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т.б.), ұйымдастыру техникасын және т. б. меңгерудің жоғары деңгейдегі дағдылары.

Қажетті құжаттар тізбесі: ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес 3-тарау 107-тармақ.

107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

 

"Жолымбет ЖТҚО" МКҚК-да жұмыс істейтін тұлғалар директордың атына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

- наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы анықтамасы;;

- Психоневрологиялық ұйымнан конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;

- туберкулезге қарсы ұйымнан конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

Басқа қаладан келген кандидаттар конкурсқа қатысу үшін құжаттарын ұйымның электрондық мекенжайына жолдай алады cdyut_zholymbet@mail.ru құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде.

Бұл жағдайда кандидат құжаттардың толық тізбесін әңгімелесу өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей түпнұсқада хатшыға ұсынуы тиіс. Құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну әңгімелесуден өтуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 24 маусымнан 2022 жылғы 01 қыркүйекке дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 021607 Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті, Абай Құнанбаев көшесі, 9., анықтама тел. 8 (71631) 27692

cdyut_zholymbet@mail.ru  "бос орын"белгісімен

 

Жаңартылған күні: 24.06.2022 15:54
Құрылған күні: 17.08.2022 12:55

Текст