"Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр детско-юношеского творчества посёлка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы МКҚК 2024 жыл

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1. Көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізу қағидаты;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу қағидаты;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық қағидаты;

4. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігі қағидаты;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру қағидаты;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік қағидаты.

"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" МКҚК Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын 2 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
  2. Педагогтерді аттестаттау 1 мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

202ң жылы – 108 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 108 қағаз нысанда.

2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы мемлекеттік кәсіпорнына көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Жолымбет кенті, Абай Құнанбаев көшесі 9," Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы " МКҚК телефон нөмірі: 8 (716-31) 27692 электрондық мекенжайы cdyut_zholymbet@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

ж директора                                                                  Салихова А.Л

Жаңартылған күні: 13.02.2025 14:02
Құрылған күні: 13.02.2025 14:02

Текст