"Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр детско-юношеского творчества посёлка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ "білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың қамқоршылық кеңестерінің құрамы бойынша ұсыныстың қабылданғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін, бір-бірімен және ұйым директорымен тығыз байланыста тұрмайтын коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін 7 адамнан тұратын жаңа қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге шақырады:

1. "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Жолымбет кентінің балалар – жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" МКҚК, электрондық пошта: cdyut_zholymbet@mail.ru, байланыс телефоны: +7 (71631) 27692;

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1)өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;   

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;    

4)білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);  

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

 2. Байқауға келесі тұлғалар қатыса алады:

1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса)

3) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері

4) адамның үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдарының өкілдері;

5)қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса)

6) Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса)

7) оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері

3. Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.

4. Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырылады.

Жаңартылған күні: 13.09.2023 16:08
Құрылған күні: 13.09.2023 16:08

Текст