"Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр детско-юношеского творчества посёлка Жолымбет при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

бос жұмыс орны Қазақ тілі үйірмесінің басшысы

"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" МКҚК
қосымша білім беру педагогы, "Парасат" Қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі бос лауазымына 0,22 ставка жүктемесімен конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Педагогикалық білім;
НКТ өткендігі туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, (0,5 ставка жүктемесі кезінде, НКТ өтуі талап етілмейді)  
біліктілікті арттыру курстарының сертификаты, (бар болса)
біліктілік санатындағы куәлік (бар болса)
Сіздер: 6-16 жас аралығындағы балалар ұжымына жетекшілік етесіздер, балаларға қазақ тілін үйретесіздер. Үйірменің жұмысын жоспарлау, білім беру бағдарламасын әзірлеу.
Қосымша ақпарат: Кәсіби құзыреттіліктер: стратегиялық ойлау; аналитикалық дағдылар; тиімді жоспарлау және басқару; жеделдік; тәртіптілік;
жауапкершілік; командада жұмыс істей білу.
Жеке құзыреттіліктер мен қасиеттер: ынтымақтастық және өзара әрекеттесу;
парасаттылық; көшбасшылық; бастамашылық; стресске төзімділік.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ДК (os Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т.б.), ұйымдастыру техникасы және т. б. жоғары деңгейдегі дағдылар.
Қажетті құжаттар тізбесі: ҚР БҒМ Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес 3-тарау, 107-тармақ.
107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша.11.
"Жолымбет кентінің ЖББО" МКҚК-да жұмыс істейтін адамдар директордың атына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш береді (еркін нысанда). Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Қаладан тыс кандидаттар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұйымның электрондық мекенжайына жібере алады cdyut_zholymbet@mail.ru құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде.
Бұл жағдайда кандидат құжаттардың толық тізбесін әңгімелесу өткізілгенге дейін екі сағаттан кешіктірмей түпнұсқада хатшыға ұсынуы тиіс. Құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну әңгімелесуден өтуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 01 тамыздан бастап 2024 жылғы 01 қыркүйекке дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
Құжаттар Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті, Абай Құнанбаев көшесі 9 мекенжайы бойынша қабылданады., тел. анықтамалар үшін 8 (71631) 27692
 Электрондық поштаға cdyut_zholymbet@mail.ru "бос орын"белгісімен

Жаңартылған күні: 30.07.2024 14:33
Құрылған күні: 30.07.2024 14:33

Текст